Сергей Шойгу "Вагнер" жалдамалы жасағының бүлігі жөнінде алғаш рет пікір білдірді

Сурет: Telegram/mod_russia
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу алғаш рет "Вагнер" жеке әскери компаниясының 2325 маусым аралығындағы әрекеті жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бас қолбасшымыз жан-жақты жауап берген тағы бір сұраққа тоқталмай кете алмаймын. Әңгіме 23-25 ​​маусымдағы Ресейдегі жағдайды тұрақсыздандыру жайында болып отыр", – деді Сергей Шойгу 3 шілдеде тақырыптық селекторлық жиында.

Ресей Қорғаныс министрінің сөзінше, "бұл жоспар ең алдымен, Қарулы күштердің жеке құрамы ант пен әскери борышына адалдық таныта білгендіктен сәтсіздікке ұшырады".

"Арандатушылық ресейлік әскери топтардың әрекетіне әсер еткен жоқ, әскери қызметкерлер өзіне артылған міндетті атқаруын жалғастыра берді". Сергей Шойгу

2023 жылғы 24 маусымға қараған түні Ростов облысында Евгений Пригожин бастаған "Вагнер" жалдамалы жасағының мүшелері әскери бүлік шығаруға әрекеттенді. Ресей президенті Владимир Путин көтерілісті ұйымдастырғандарды "сатқын" деп атады.

27 маусымда кикілжің шешілгеннен кейін үш күннен кейін Евгений Пригожиннің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Владимир Путин халыққа видео үндеу жасап, әскерилерге алғысын білдірді.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі