Собянин Мәскеу мен Мәскеу облысына ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасағанын хабарлады

Сурет: pixabay
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі Жаңа Мәскеу мен Мәскеу облысында ұшқышсыз ұшатын бірнеше аппаратты жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде 4 шілдеде Мәскеу мэрі Сергей Собянин мәлімдеді:

"Бүгін Украинаның ұшқышсыз ұшақтары Жаңа Мәскеу мен Мәскеу облысына шабуыл жасауға әрекеттенді. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері ол шабуылдарға тойтарыс берді, анықталған барлық ұшқышсыз ұшу аппараттары жойылды".

Оның айтуынша, қауіпсіздік мақсатында кейбір рейстер Внуково әуежайынан уақытша қайта бағытталды.

"Сағат 8:00-де Внуково әуежайы аймағында ұшуға қойылған шектеулер алынып тасталды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр". Сергей Собянин

Осыған ұқсас оқиға 2023 жылғы 30 мамырда болды.Сол күні таңертең Жаңа Мәскеу мен Мәскеу облысының тұрғындары аспаннан ұшқышсыз ұшақты байқаған. Аспаннан жарылыс даусы естілген. Кейін әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері жұмыс істегені белгілі болды.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді