"Вагнер" жалдамалы жасағының басшысы Пригожин Путинмен кездесті

Сурет: kremlin.ru
Ресей президенті Владимир Пути 29 маусым күні Кремльде "Вагнер" жалдамалы жасағының басшылығымен кездескен. Бұл жөнінде Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Песковтың айтуынша, Путин кездесуге 35 адам шақырған: барлық отряд командирлері мен рота басшылығын, оның ішінде Евгений Пригожин де бар, деп жазды РИА Новости.
"Бұл кездесу 29 маусымда Кремльде өтті. Ол үш сағатқа жуық уақытқа созылды". Дмитрий Песков

Песковтың айтуынша, Путин іс-шарада "арнайы әскери операция кезіндегі компанияның майдандағы әрекеттеріне, сондай-ақ 24 маусымдағы оқиғаға баға берді, командирлердің түсініктемелерін тыңдап, оларға еңбек келісімінің түрлі нұсқасын ұсынды".

"Олар мемлекет басшысы мен Жоғарғы қолбасшының табанды жақтасы әрі сарбазы екенін баса айтты". Дмитрий Песков

Кездесу жөніндегі басқа мәліметтерді Песков білмейтінін айтты.

24 маусымға қараған түні Дондағы Ростовта "Вагнер" жалдамалы жасағының әскерлері Оңтүстік әскери округінің штаб-пәтерін басып алды. Бұл жайт бизнесмен Евгений Пригожиннің Ресей қарулы күштері жасақ лагерлеріне зымыранмен және бомбамен шабуыл жасады деген мәлімдемесінен кейін болды. Бұл ақпаратты Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі, сондай-ақ Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметі жоққа шығарды.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты