Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиададан 33 медаль жеңіп алды

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстан оқушылары математика, химия және информатика пәндері бойынша 30-халықаралық "Туймаада" олимпиадасының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, олимпиадаға еліміздің атынан республиканың әр өңірінен 80 оқушы қатысып, 4 алтын, 14 күміс және 15 қола медаль жеңіп алды.

Олимпиадаға Ресей, Румыния, Қазақстан, Сингапур, Индонезия елдерінен 215 оқушы қатысты.

Айта кетері, "Туймаада" олимпиадасы 1994 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан жарысқа 2004 жылдан бері қатысады. Олимпиада екі күнге созылып, екі турдан тұрады. Әр турда қатысушыларға 5 астрономиялық сағат ішінде үш-төрт есеп шығару ұсынылады.

"Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!" - делінген министрлік хабарламасында.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін