Путин: "Вагнер" жалдамалы жасағы заң жүзінде тіркелмеген

Сурет: Кремльдің баспасөз қызметі
Ресей президенті Владимир Путин "Вагнер" жалдамалы әскері туралы топ болғанымен, заң жүзінде тіркелмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей президенті Владимир Путин "Вагнер" әскерімен кездесуінде оларға бірнеше жол ұсынған. Бұл жөнінже ол "Коммерсантъ" газетіне айтты.
"Олардың бәрі бір жерге жиналып, қызметін жалғастыра алар еді. Еш нәрсе өзгермес еді. Оларды осы уақытқа дейін нағыз командирі болған адам басқарар еді. Осы айтқанымда көбі басын изеді, ал алдыңғы жақта отырып мұны көрмеген Пригожин: "Жоқ, жігіттер мұндай шешіммен келіспейді", – деді. Владимир Путин

29 маусымдағы келіссөз үш сағатқа созылды, оған жеке әскери компанияның 35 қызметкері қатысты. Путиннің айтуынша, вагнерліктермен кездесуде ол одан әрі қызмет көрсету нұсқаларын ұсынумен қатар, "бір жағынан олардың ұрыс даласында атқарған істеріне, екінші жағынан 24 маусым оқиғасы кезіндегі әрекетіне баға берді".

"Вагнер" жалдамалы әскері жауынгерлік бөлімше болып қала ма деген сұраққа Путин "топ бар, бірақ заң жүзінде тіркелмеген" деп жауап беріп, Ресейде жеке әскери ұйымдардың қызметін реттейтін заң жоқ екенін еске салды. Ресей Федерациясының президенті бұл "мемлекеттік Думада және үкіметте талқылануға тиіс бөлек мәселе" екенін атап өтті.

Ресей
Путин Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек