Қырғызстан АҚШ-тың санкия салу ниеті жөніндегі ақпаратқа түсініктеме берді

Сурет: wikimedia
АҚШ Қырғызстанға қарсы шектеу шараларын енгізуге дайындалып жатыр, өйткені бұл ел арқылы Ресейге Қытайдан ұшқышсыз ұшақтар немесе оптикалық көздеуіштер сияқты санкция салынған өнімдер тасымалданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғызстан Ресейге санкцияланған тауарларды экспорттауға байланысты АҚШ-тың экономикалық шектеулер енгізуіне еш алғышарт көріп отырған жоқ. Бұл жөнінде Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров мәлімдеді, деп жазды Kun.uz.

"Біз қандай да бір шектеулер енгізуден қорықпауымыз керек. Санкцияланған тауарлар шекарамыздан өтпеуі және санкция бар жерге бармауы үшін барлық алдын алу шаралары қабылданды". Ақылбек Жапаров

Қырғызстан үкімет басшысы экспортты ұлғайту және Қырғызстанның санкцияларды айналып өту мәселесі Батыс делегацияларының өкілдерімен бірнеше рет талқыланғанын айтты.

"Тауарлардың шекарадан өтуінің ашықтығына байланысты экспорт пен қаражаттың түсуі туралы нақты деректер болды. Біз дұрыс бағытта жұмыс істеп жатырмыз - тауарларды қадағалау ашық болды,  қандайда бір жағдайда декларацияланбаған жүктерді анықтау мақсатында мен кәсіпкерлерден электронды шот-фактураларды қабылдауды сұраймын". Ақылбек Жапаров

The Washington Post газеті АҚШ-тың Қырғызстанға қарсы санкция салуға дайындалып жатқанын жазған еді.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды