"Доксури" супер тайфуны салдарынан Бейжің әуежайын су басып қалды

Сурет: видеодан скриншот
Бейжіңнің Дасин халықаралық әуежайы "Доксури" супер тайфунынан зардап шекті. Әуежайдың ұшу-қону жолағы мен әуе кемелерінің тұрағын су басты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Су басқан аумақтың бейнежазбасын Sky News жариялады.

Әуе айлағындағы су тасқыны – ерекше әрі бұрын-соңды болмаған оқиға. Табиғат құбылысы рейстердің жаппай тоқтатылуына және кешігуіне әкеп соқтырды. Мыңдаған адам Қытай астанасынан ұшып кете алмай, ұшып келе алмай, әуре-сарсаңға түсті.


Бейжіңде тайфуннан 20-ға жуық адам қаза тапты. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин жергілікті билікке су құрсауында қалған адамдарды құтқаруды және адам шығыны мен материалдық шығынды азайтуға бақытталған шаралар қабылдауды бұйырды.

Елде теміржол вокзалдары жабылып, 52 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Дауыл саябырсығанымен, билік су басу қаупі бар екенін ескертті.

Соңғы бірнеше күндегі жауын-шашын мөлшері 2012 жылдың шілдесіндегі қатты найзағайдың рекордтық деңгейінен асып түсті, ол кезде қалада бір күнде 190,3 мм жаңбыр жауған.

Қытай тарихындағы ең жойқын су тасқыны 1998 жылы болды, ол кезде 4150 адам қайтыс болды, оның көбі Янцзы өзенінде мерт болды.

2021 жылы орталық Хэнань провинциясында рекордтық жаңбыр жауып, провинция астанасы Чжэнчжоуды су басқан кезде 300-ден астам адам су тасқынынан қаза тапты.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін