FlyArystan халықаралық рейстеріне әуежайда тіркелу ақылы болды

Сурет: Zakon.kz
2023 жылдың 3 шілдесінен бастап халықаралық рейстерге тегін онлайн тіркелу қолжетімді. Ал әуежайда тіркелу қызметі ақылы болады.
"2023 жылдың 3 тамызынан ұшып шығатын халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу қызметі ақылы болады: -"әуежайда тіркелу" қызметін қосымшадан немесе сайттан алдын ала сатып алу - 5 000 теңге (10 евро)* - әуежайда рейс алдында тіркеу бағанасынан тіркеуден өту - 10 000 теңге (20 евро). Бұл қызмет брондау кезінде автоматты түрде қосылады. Сондықтан бұл қызметті сатып алғыңыз келмесе, "қызметтен бас тарту" батырмасын таңдай аласыз", - деп хабарлады әуекомпания желідегі ресми парақшаларында.

Халықаралық рейстерге онлайн тіркелу рейске 30 күн бұрын ашылып, 60 минут қалғанда жабылады.

"Халықаралық рейстерге онлайн тіркелу кезінде отырғызу талоны берілмейді. Қауіпсіздік мақсатында, қажет құжаттарды тексеріп, отырғызу талонын басып шығару үшін тіркеу бағанасына міндетті түрде келу қажет", - деп қосты FlyArystan компаниясы.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды