ДДСҰ әлемде COVID-19-ды жұқтырушылар саны күрт артқанын мәлімдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 13-30 шілде аралығында әлемде миллионнан астам адам коронавирус инфекциясына шалдығып, аталған ауруды жұқтырған 3 мыңнан аса адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ақпараттық үн парақшасында инфекцияны жұқтырушылар саны алдыңғы 28 күнмен салыстырғанда 7%-ға өсіп, өлім-жітім саны 53%-ға азайғаны көрсетілген. 

COVID-19 әлі де күшінде екені нақтыланады, соған байланысты аталған ұйым мемлекеттерді ауруға қарсы құрған инфрақұрылымдарды әлі сақтауға шақырады.

"Әлемде төрт апта ішінде 1 008 194 инфекция жұқтыру және 3 132 кісі өлімі тіркелді. Төтенше жағдай режимінің аяқталуына қарамастан, COVID-19 әлі де үлкен қауіп ретінде саналады. Қадағалау, есеп беру, коронавирус дертінің алдын алу, ерте клиникалық көмек көрсету, жоғары қауіпті топтарға жататындарға қайта вакциналау жүргізу өте маңызды". ДДСҰ


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы доктор Тедрос Адхан Гебрейесус 2023 жылдың 5 мамырында COVID-19 пандемиясының аяқталғанын жариялады.

Мәселен, 13-30 шілде аралығында Батыс Тынық мұхиты өңірінде ауру жұқтыру саны 38%-ға өссе, ал ДДҰ-ның қалған бес өңірінде ол төмендеген. Өлім-жітім барлық алты аймақта, әсіресе Еуропада 75%-ға төмендеді.

Төрт апта ішінде инфекция жұқтырушылардың ең көбі Корея Республикасында (751 484) анықталды. Одан кейін Бразилия (45,642), Австралия (30,144), Жаңа Зеландия (23,443) және Сингапур (23,216) елдері тұр. Бразилияда 13-30 шілде аралығында инфекциядан ең көп адам қайтыс болды (695). Одан кейін Перу (321), Австралия (260), Ресей (251) және Корея Республикасы (199) тұр.


Ковидке байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі Дүниежүзілік денсаулық сақтау саласында 2020 жылдың қаңтар айының соңынан бастап 2023 жылдың 5 мамырына дейін өз күшінде болды. 2020 жылдың 11 наурызында ДДСҰ COVID-19-ды пандемия деп сипаттады. Ұйымның сайтында 2023 жылдың 2 тамызында жарияланған ақпаратқа сәйкес, әлемде коронавирусты жұқтырудың 768 983 095 жағдайы тіркелді, одан 6 953 743 адам қайтыс болды. ДДСҰ бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус 5 мамырда Женевада өткен брифингте қайтыс болғандардың нақты саны кем дегенде 20 млн екенін жеткізді.

Пандемия кезінде Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызы мен 2023 жылдың 5 мамыры аралығында коронавирус инфекциясының 1 411 883 жағдайы тіркелген. COVID-19 13 848 қазақстандықтың өмірін қиды.

ДДСҰ COVID-19 пандемиясын 2020 жылдың 11 наурызында жариялады. Ол 3 жыл 1 ай және 24 күнге созылды.

ДДСҰ COVID-19
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: