Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режим әлі күшіне енбеді – СІМ

Сурет: gov.kz
Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте Қытаймен визасыз режим әлі күшіне енбегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазір Қазақстан тарапы барлық мемлекетішілік рәсімді аяқтады және Қазақстан Республикасы үкіметінің 2023 жылғы 26 шілдедегі қаулысымен осы келісімді бекітті. Ал 28 шілде күні Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігіне хабарлама жіберді. Қазір біз Қытай тарапынан ішкі рәсімдердің аяқталғаны туралы тиісті хабарламаны күтіп отырмыз", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Өзара визасыз режимнің күшіне енуі туралы ақпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына жарияланады.

Сонымен қатар СІМ өкілі "Қытай мен Қазақстан арасында визасыз режим күшіне енді деп ақпарат таратқан басылымдар туралы да айтты. Оның сөзінше, кей басылым еліміз негізгі рәсімдерді аяқтағаны туралы ақпаратты "режим күшіне енді" деп таратқан.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді