Ливан үкіметі "Барби" фильмін көруге тыйым салды

Ливанда "өнеге алатын идеалдарға сәйкес келмейтіндіктен" "Барби" фильміне тыйым салынды. Бұл жөнінде елдің мәдениет министрі Мұхаммед Мұртада мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС-тың Al Wataniya ұлттық агенттігіне сілтеме жасап жазуынша, министр жан-жақты зерттеуден кейін "Барби" фильмі гомосексуализм мен трансгендерлікті насихаттайтындықтан Ливанда қалыптасқан моральдық және діни құндылықтар мен принциптерге қайшы келетінін айтқан.

"Сонымен бірге ол әкенің қамқорлығынан бас тарту, ананың рөлін кемсіту және келемеждеу сияқты жағымсыз идеяны уағыздайды, некеге тұру және отбасын құруға күмән келтіреді, сонымен қатар оларды өзін-өзі жеке тұлға ретінде дамытуға кедергі ретінде көрсетеді, әсіресе әйелдер үшін".

Министрдің айтуынша, фильм көрсетілген жағдайда, Ливан балалары мен жастарына кері әсер ететін еді. Мұртада фильмге ел аумағында тыйым салу үшін қажет шараның бәрін қабылдауға шақырды.


Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: