Болгария астанасында Семей ядролық полигоны жабылуының 32 жылдығына орай фотокөрме ашылды

Сурет: ҚР СІМ
Болгариядағы ең ірі мәдени-ағарту және ғылыми-қосалқы мекемелердің бірі – Софияның астаналық кітапханасында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне және Семей ядролық полигоны жабылуының 32 жылдығына арналған тақырыптық фотокөрме ашылды.

Аталған іс-шараға Қазақстанның Достар клубының мүшелері, қазақ диаспорасы, болгар жұртшылығы және БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев фотокөрменің ашылу салтанатындағы сөзінде осы атаулы күннің біздің халқымыз үшін маңыздылығына және Қазақстанның әлемді ядролық қарудан азат құру саласындағы жаһандық бастамаларына ерекше назар аударды.

Өз кезегінде, астаналық кітапхананың директоры Юлия Цинзова ұйымдастырылған фотокөрме Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласындағы нақты ұстанымын және баға жетпес үлесін айқын көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, біздің еліміз - әлемдік аренадағы жауапты мемлекеттің нағыз үлгісі.

Софияның астаналық кітапхана ғимаратында ұйымдастырылған фотокөрме 2023 жылдың 8 қыркүйегіне дейін ашық болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс