"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің есімі белгілі болды

Сурет: bolashak.gov.kz
Халықаралық бағдарламалар орталығы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Стипендиаттардың басым көбі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде даярланады.

"Республикалық комиссияның шешімімен осы жылғы іріктеудің үшінші легінде 172 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 138 адам магистратурада, 8 адам докторантурада білім алса, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді", - делінген хабарламада.

Стипендия иегерлерін мына жерден көре аласыз.

Еске сала кетейік, биыл "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау төрт лекке бөлінген. Соңғы лекке 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін құжат қабылданады. Ал ғылыми тағылымдама бағдарламасына 13 қазанға дейін құжат тапсыруыңызға болады.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады