Ресейде "Барби" және "Оппенгеймер" фильмдерін көрсетуге тыйым салынды

Сурет: pixabay
Голливудтың "Оппенгеймер" және "Барби" фильмдері рекордтарды жаңартып жатқанда, Ресейде бұл фильмдерді көрсетуге тыйым салынды. Мәдениет министрлігі "фильмдер дәстүрлі құндылықтарды сақтау мақсаты мен міндеттеріне сай келмейтінін" атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың тамыз айының басында Мемлекеттік Думаның вице-спикері Владислав Даванков премьер-министр Михаил Мишустинге "Барби" және "Оппенгеймер" шетелдік фильмдерін авторлық құқық иелерінің келісімінсіз Ресейде көрсетуге рұқсат беру туралы ұсыныспен жүгінді.

Оның сауалына Мәдениет вице-министрі Андрей Малышев жауап берді, деп жазды РИА Новости басылымы.

"Сіздің еліміздің азаматтары көруге ұсынған "Барби" және "Оппенгеймер" фильмдері Ресейдің дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтау және нығайту бойынша мемлекет басшысының алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейді", – делінген құжатта.

Сонымен қатар міндетті лицензиялауды енгізу Ресейдің зияткерлік меншік туралы заңнамасына қайшы екені атап өтілген.

Бір қызығы, Грета Гервиг түсірген "Барби" фильмі Warner Bros тарихындағы ең көп табыс әкелген фильм болды. Ол тіпті "Гарри Поттерді" де басып озып, 1,34 миллиард доллар табыс тапты.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді