Мароккода жойқын жер сілкінісі кезінде қаза тапқан адамдар саны екі есеге артты

Сурет: freepik
Солтүстік Африка еліндегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 632-ге дейін жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марокко ІІМ жер сілкінісінің ошағына жақын провинцияларда жүздеген адам қаза тапқанын хабарлады. Министрлік залалдың көп бөлігі қалалардан тыс жерлерде болғанын нақтылады.

Жергілікті атқарушы органдар қайғылы жағдайлар техника оңайшылықпен жете бермейтін таулы аймақтарда болғанын айтады.

Мароккода бір күн бұрын 6.9 баллдық күшті жер сілкінісі болды. Жергілікті БАҚ бастапқыда 296 адам қаза тапқаны туралы хабарлады. Көптеген ғимараттар қирандыға айналды. Елдің кейбір аймақтары жарық қалып, су құбырлары да ішінара бүлінген. 

Жер асты дүмпулері ел астанасы - Рабаттан корольдіктің оңтүстігіндегі Сиди-Ифни қаласына дейін сезілді.

Жер сілкінісінің ошағы миллионға жуық халқы бар елдегі ең ірі қалалардың бірі - Марракештен оңтүстік-батысқа қарай шамамен 70 шақырымда орналасқан. Қала тұрғындарының көпшілігі дүрбелеңге салынып, үйлерін тастап кетті, өйткені олар  зілзала тағы қайталанады деп қауіптенеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды