БАҚ: Ливиядағы су тасқынынан қаза тапқандардың саны бес мыңға жетті

Сурет: Тwitter/AllahGreatQuran
Қызыл крест және Қызыл жарты ай өкілдерінің соңғы мәліметтері бойынша, Ливияда су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны бес мың адамға жетті. Он мың адам із-түссіз жоғалған деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ливияда су тасқынынан зардап шеккендердің саны күн өткен сайын артып жатыр. Мәліметтер тұрақты түрде жаңарып жатыр, оны Қызыл крест өкілдері жариялауда. 12 қыркүйекте Халықаралық Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамдары федерациясының Ливиядағы делегациясының жетекшісі Тамер Рамаданның соңғы мәліметі бойынша, қаза тапқандар саны "өте көп", деп жазды CNN.

"Кем дегенде 5 300 адам өлді деп саналады, деп хабарлады сейсенбі күні шығыс Ливия үкіметінің Ішкі істер министрлігі. 10 000 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде", – деп жазды басылым.

Су тасқынынан ең көп зардап шеккен Дерна билігі жойқын тасқыннан қалған үйінділерді тазарту адам күші жетпей жатқанын айтты. Қаланың барлық ауданын су шайып кеткен.

Al Jazeera қала мэріне сілтеме жасап жазғандай, "қаланың кем дегенде 20 пайызы қираған". Бұл ретте елге сырттан көмек бір күн бұрын, яғни 12 қыркүйекте, су тасқынынан кейінгі үшінші күні ғана жете бастады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды