Зеленский бейбітшілік үшін Украина аумағын Ресейге бермейтінін мәлімдеді

Сурет: Украина президентінің ресми интернет өкілеттігі
Украина президенті Владимир Зеленский Украина бейбітшілік үшін аумағының бір бөлігін Ресейге беруге дайын емес екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зеленский бұл ұстанымның Қырымға қатысы бар-жоғы жөніндегі сұраққа жауап бермеді, деп жызды РИА Новости.

Бұған дейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен Ресей бастама көтерсе, Украина келіссөз жүргізетінін айтқан. Оның айтуынша, АҚШ Киев билігі диалогқа дайын екенін мәлімдейтін болса, оларға қолдау көрсетеді. Сонымен бірге ол Украина бұрынғы аумақтарына қатысты талабынан бас тартпайтынын баса айтты.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков  америкалық шенеуніктің мәлімдемелері шындыққа жанаспайтынын айтты.

Маусым айының ортасында Владимир Путин Ресейдің жағдайды реттеуге әкелетін келіссөздерден ешқашан бас тартпағанын мәлімдеген еді.
Ресей
АҚШ
Путин Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды