Әзербайжан Таулы Қарабақта "терроризмге қарсы операция" басталғанын хабарлады

Сурет: pixabay
Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта "терроризме қарсы шаралар" бастағанын мәлімдеді. Армян ақпарат көздері оқ жаудырылып жатқанын алға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
19 қыркүйекте Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта "терроризмге қарсы шаралар" басталғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасады. Ведомствоның мәліметінше, бұған Армения қарулы күштері позицияларының нығаюы, окоптар мен блиндаждар санының артуы, сондай-ақ аумақтарды миналау себеп болған.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 19 қыркүйекте Әзірбайжан мемлекеттік автомобиль жолдары агенттігінің көлігі мен Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінің әскери қызметкерлері мінген көлік Таулы Қарабақ аумағында армян әскерилері қойды делінген минаға жарылған. Қаза болғандар мен жараланғандар бар.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения армиясының Қарабаққа баруы 2020 жылы қабылданған Үшжақты мәлімдемені бұзып, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіреді деп мәлімдеді. Әзірбайжан тарапы терроримге қарсы операцияны бастап жатқанын, оның барысында жоғары дәлдіктегі қаруларды қолдану арқылы әскери нысандарды жоюға болатынын хабарлады. Операция басталғаны жөнінде ресейлік бітімгершілік күштері мен Түркия-Ресей бірлескен бақылау орталығының басшылығы хабардар етілген.



Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін