Қазақстан мен Армения ҰҚШҰ-дан шығу туралы келісті деген ақпарат қаншалықты рас

Сурет: ҚР СІМ
25 қыркүйекте ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров кейбір агенттіктерде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан мен Арменияның ҰҚШҰ-дан шығу туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны рас па?" деп сұрады журналистер. Айбек Смадияров бұл ақпаратты жоққа шығарып, әріптестерінен анықтап сұрайтынын қоса кетті.

"Иә, бір агенттіктен оқып қалдым. Енді әріптестерден қазір анықтауға тырысамын. Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шыққалы жатыр деген ақпарат тарап жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Егер Армения өз талаптарын белгілесе, сол елдің ісі ғой. Ол туралы ештеңе айта алмаймын. Ал біз сол ұйымның шеңберінде әлі жұмыс істеп жатырмыз. Бірер күн бұрын ҰҚШҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері отырыс өткізді. Онда олар ұйымды одан әрі дамыту жолдарын, осы ұйым аясындағы өзара іс-қимылдың түрлерін талқылады. Сондықтан біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.


Армения
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы