Трамп Украиндағы қақтығысты мұнай бағасын арзандату арқылы тоқтату жолын ұсынды

Сурет: The White House
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Мичигандағы митингіде мұнай бағасының баррелі 40 долларға дейін төмендесе, Ресейдің әскери операция жүргізуге шамасы келмейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мұнай бағасы соншалық төмендесе, Ресейдің соғысуға шамасы келмейтін еді. Бағасы барреліне 40 доллар болса", – деді АҚШ президенттігіне кандидат Трамп жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде.

Ол бір барреліне 115 доллар деген бағаның арқасында Ресейдің "біраз байлық жинап алғанын" әрі әлі де ақша тауып отырғанын атап өтті.

"Маған тағы төрт жыл беріңіздер, мен елімізді өлтіріп жатқан осы қорқынышты жаһандануды тоқтатамын. Мен Америка Құрама Штаттарының ең ұлы және ең қуатты индустриялық мемлекет ретінде оралуын қамтамасыз етемін", – деді Трамп.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз