Мексикада шіркеудің шатыры опырылып, тоғыз адам қаза тапты

Сурет: wikimedia
Мексиканың солтүстігіндегі Сьюдад-Мадеро қаласында шіркеудің төбесі опырылып, салдарынан кемінде тоғыз адам қаза болып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының жазуынша, қайғылы оқиға жексенбілік ғибадат кезінде болған. Шараға 100-ге жуық адам қатысқан, оның 30-ға жуығы үйінді астында қалды. Құтқарушылар, полиция және Қызыл крест дәрігерлері оқиға орнында түннің бір уағына дейін тірі қалғандарды іздестіру және қирандылар астынан зардап шеккендерді шығару жұмыстарын жүргізді.

Жергілікті билік тоғыз адам қаза тапқанын растады. Кемінде 50 адам, оның ішінде төрт айлық нәресте түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Мексика епископтар кеңесі қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көңіл айтты. Епископ Хосе Армандо Альварес адамдарды үйінді астынан шығару жалғасып жатқанын айтып, олар үшін дұға жасауға шақырды.

Оқиға орнынан түсірілген фотосуретке қарағанда, бетон мен кірпіштен салынған ғимараттың төбесі еденге дейін опырылып құлаған. Жарылыс белгілері жоқ, ал Мексиканың Ұлттық сейсмологиялық қызметі Сьюдад-Мадеро аймағында ешқандай жер сілкінісі болмағанын хабарлады. Қазір қайғылы жағдайдың нақты себептері анықталып жатыр.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды