Ямайкада каннабис қосылған кәмпитке уланған ондаған оқушы ауруханаға түсті

Сурет: pixabay
Ямайкада алпыстан астам бастауыш сынып оқушысы марихуана кәмпитін жеген соң, каннабистен уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ямайка Білім министрлігінің мәліметінше, жеті жастан 12 жасқа дейінгі балалар білмей, құрамында каннабис бар тәтті жеп уланған. 60-тан астам мектеп оқушысы құсу және галлюцинация белгілерімен ауруханаға түсті, деп жазды CNN.

"Қаптамада өнімнің құрамында Cannabis sativa өсімдігінен анықталған delta-8 тетрагидроканнабинол деген психикалық белсенді зат бар екені жазылған, ол дельта-8 ТГК деп те аталады, АҚШ Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы мәліметтері бойынша "оның екі түрі – марихуана мен қарасора", – деп жазады басылым.

Ямайканың білім министрі ашық түсті қаптамаға салынған кәмпиттерді 21 жасқа толмағандарға жеуге тыйым салынғанын атап өтті.

Ямайка 2015 жылдан бастап 18 жастан асқан адамдарға каннабис тұтынуға рұқсат етілген.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды