Израильдегі барлық азматымыз сабыр сақтап, дипломатиялық қажет ақпарат ұсынуға барынша жәрдемдесіп жатыр. Жергілікті билік органдарының барлық талабы мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап келеді.
"Бүгінде бізге Израильде қаза болған, зардап шеккен және кепілге алынған қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Кейбір авиарейстер тоқтауына және бірқатар авиатасымалдаушылардың Израильге рейстерді орындаудан бас тартуына байланысты Қазақстан елшілігі Air Astana компаниясымен бірлесіп, қазақстанға оралуға ниет білдірген азаматтардың тізімін қалыптастыру, сонымен қатар одан әрі оларды қауіпсіз жерге шығаруды ұйымдастыру бойынша пысықтау жұмысын жүргізіп жатыр", - деді ҚР СІМ өкілі.
Осы уақытқа дейін Қазақстанға оралуға 118 азаматымыз ниет білдірді. Тель-Aвивтегі Бен-Гурион атындағы халықаралық әуежай жұмысын штат режимінде жалғастырып жатыр.
"Бұл ретте осы 1-2 күнде үкімет деңгейінде Тель-Авивке жіберілетін арнайы репатриациялық рейстер ұйымдастыру мәселесі пысықталып жатыр. Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігінің болжамы бойынша Израильде консулдық есепке тұрмаған 400-ден астам Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Шетелдегі отандастарымыздың назарына Қазақстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық мекемелеріне консулдық есепке тұру қажет екенін тағы еске саламыз. Бұл процедура ерікті түрде және тегін жасалады. Сонымен қатар қашықтан жасауға болады", - деді Айбек Смадияров.
Есепке тұру үшін консулға тиісті ақпаратты, яғни төлқұжаттың көшірмесін, байланыс деректерін және тұрғылықты мекенжайын жіберуі қажет. Бұл ақпарат дипломаттарға төтенше жағдайларда біздің азаматтармен жедел балйаныс орнатуды және қажет көмек көрсетуді әлдеқайда жеделдетеді. Қазақстан республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Израильдегі елшілігінің жедел желі нөмірін министрлік сайтынан немесе елшіліктің әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.