Рим Папасы соғысты айыптады

Сурет: Instagram/franciscus
Рим Папасы Франциск Instagram-дағы парақшасында балалармен бірге түскен суретін жариялап, әлемде болып жатқан соғыстарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сурет 2023 жылдың 18 қазанында жарық көрді.

Оның айтуынша, соғыс бір де бір мәселені шешпейді.

"Ол тек өлім, қирандылардың дәнегін сеуіп, дұшпандықты күшейтеді, кек алушылар көбейеді. Соғыс болашақтан айырады". Рим Папасы

Осылай деген Фрэнсис барлық діндарларға жүгінді.

"Мен барлық діндарларға қақтығыстың тек бір жағына шығуға шақырамын: әрине, бейбітшілік жағына. Құр дабыра сөзбен емес, дұғада болу арқылы. Қарудың үні өшсін! Бейбітшілікті сұраушы халықтан, балалардың жанайқайын әлем естісін!" Рим Папасы

2023 жылдың шілдесінде Рим Папасы әмірлік басылымы - Al Ittihad газетінің бас редакторына берген сұқбатында Стокгольмнің орталығында өткен акцияны, яғни мұсылмандардың Қасиетті кітабын өртеу әрекетін айыптаған болатын. 

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты