Байден Израиль мен Украинаға көмектесу үшін Конгрестен 105 млрд доллар бөлуді сұрады

Сурет: Twitter.com/NBCNews
Ақ үй 20 қазанда Украинаға, Израильге көмек көрсету үшін және АҚШ шекараларының қауіпсіздігі мақсатына Конгрестен 105 миллиард долларға жуық қаражат бөлуді сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Джо Байденнің сұранысындағы ірі соманың ең үлкен бөлігі, яғни 61 миллиард доллардан астамы Украинаға беру үшін қарастырылған, делінген CNBC телеарнасының хабарламасында.

Сондай-ақ Байден Израильге қосымша 14,3 миллиард доллар, Тайвань мен Үнді-Тынық мұхитының қауіпсіздігі үшін тағы 2 миллиард доллар және гуманитарлық көмекке 9 миллиард доллардан сәл астам қаражат бөлуді өтінді. 

Вашингтонда 19 қазанда АҚШ президенті Джо Байден сағат 20.00-де халыққа үндеу тастап, Украина мен Израильді қолдау АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздігі үшін неге маңызды екенін түсіндірді.

Америка Президенті 18 қазанда Израильге барды. Ресми сапары барысында Байден Израильде дүниеге келгенін айтып, күтпеген мәлімдеме жасады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты