АҚШ-та жүзден астам көлік бір-біріне соғылып, 7 адам қаза тапты

Сурет: Louisiana State Police
Луизиана штатындағы тас жолда қалың тұманда 158 көлік бір-біріне соқтығысып, кемінде жеті адам қаза тауып, 25-тен астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сент-Джон Баптист округінің тас жолындағы ірі жол-көлік апаты таңғы "қалың тұман" кезінде болған, жол көрінбеген, деп жазды UPI.

Жол-көлік оқиғасы кезінде бірнеше көлік, соның ішінде қауіпті сұйықтық құйылған цистерналар өртенді. Билік I-55, I-10 және I-310 тас жолдарын жауып тастады. I-55 түнде екі бағытта да жабық күйінде қалды. Мамандар жолды қираған көліктерден тазартса,көлік қызметі мамандары тас жолдың жай-күйін тексерді.

24 қазан күні таңертең Ұлттық метеорология қызметі Луизиананың оңтүстік-шығысында Батон-Руждан Жаңа Орлеанға дейінгі аумақты қалың тұман басатынын ескерткен.

"Дала өрті мен қалың тұман қауіпті, мен зардап шеккен аудандарда тұратын барлық луизиандықтарды сапарға шыққанда өте сақ болуға шақырғым келеді". Луизиана губернаторы Джон Бел Эдвардстың мәлімдемесі

Тергеушілер апаттың нақты себебін анықтап жатыр.


АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды