Непалдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 120-дан асты

Сурет: wikimedia
Непалдың батысында болған 6,4 балдық жер сілкінісі салдарынан 128 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Непал мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Непалдың батысындағы Джажаркот және Рукум аудандарында 140-тан астам адам жарақат алған, деп жазды India Today.

Непал премьер-министрі Пушпа Камал Дахалдың кеңсесі елдің үш қауіпсіздік агенттігінің де зардап шеккендерді дереу құтқару және емдеу үшін жұмылғанын хабарлады.

Құтқарушылар таулы ауылдардан адамдарды іздеп жатқанда шенеуніктер қаза тапқандар санының артуы мүмкін екенін ескертті.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша түн ортасы шамасында, адамдар ұйықтап жатқан кезде болды. Жерасты дүмпулері қаладан жүздеген шақырым жерде орналасқан Үндістан астанасы Нью-Делиде де сезілді.

Непалда 2015 жылы болған 7,8 баллдық күшті жер сілкінісі таулы елде 12 000-нан астам адамның өмірін қиып, 1 миллионға жуық құрылысты зақымдаған еді.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды