Израиль әскері Газа секторындағы ХАМАС-тың қамалын басып алды

Сурет: wikimedia
Израиль қорғаныс күштері Палестинаның Газа секторындағы ХАМАС бекіністерінің бірін басып алғанын хабарлады. Әскерилер "цитадель" деп атайтын бекет түнгі операция кезінде бақылауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Times of Israel басылымының 6 қараша күні жазуынша, Израиль армиясының құрлық күштері өткен түнде Газа секторындағы ХАМАС содырлары бекінген позицияларын басып алды. Армия хабарламасында бұл нүкте "цитадель" деп аталған. Бұған қоса Израиль әскерилері ХАМАС бақылау бекеттері, оқу-жаттығу лагерлері мен жерасты туннельдері орналасқан 450 нүктеге 24 сағат ішінде соққы берді.

ЦАХАЛ-дың мәліметінше, жердегі операция мен атқылау кезінде қозғалыстың бірнеше командирі қаза тапқан. Жойылған содырлардың арасында ХАМАС арнайы операциялық күштерінің қолбасшысы Джамал Мұса да бар.

Палестиналық ХАМАС содырлары 7 қазанда Израильге шабуыл жасады. Олар бірнеше шекаралық елді мекендерді басып алып, 1,4 мың адамды өлтіріп, тағы көптеген адамды кепілге алды. Израиль қорғаныс күштері содырларды өз аумағынан қуып шығып, Газа секторына күшті соққы беріп, оны қоршауға алды. Палестиналықтар мен Израиль арасындағы бірнеше ондаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан қақтығыстың бұл жолғы шиеленісі қанды қырғынға айналды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде 1 миллион доллар бөлу туралы шешім қабылдады.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз