Қазақстан мен Қырғызстан Жамбыл облысына су беру туралы келісімге келді

Сурет: gov.kz
Қазақстан мен Қырғызстан Жамбыл облысының суармалы жеріне су беру туралы келісімге келді. Келіссөздер қорытындысы бойынша Талас өзеніндегі "Түйте" каналы арқылы су беруді қалпына келтіру бойынша іс-шаралар атқару туралы шешім қабылданды.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылық министрі Асқарбек Жәнібековпен кездесуі кезінде Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі бірлескен Комиссияға тиісті тапсырма берілді.

Сонымен бірге Нұржан Нұржігітов елімізге су жіберуді жақсарту үшін мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы нысандарының тізбесін кеңейту қажет екенін атап өтті. Мысалы, қазақстандық тарап осы тізбеге Күркіресу өзеніндегі құрылыстарымен "Ақмолда", "Қаратақы" және "Төментамға" арналарын, Шу өзеніндегі "Колос" каналын және Талас өзеніндегі құрылыстарымен бірге "Кож" каналын енгізуді ұсынады.

"Өздеріңіз білетіндей, биыл Жамбыл облысының шаруалары Шу және Талас өзендерінің бассейндерінде суармалы су тапшылығын сезінді. Сондықтан осындай жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін қырғыз әріптестерімізбен бірге Шу және Талас өзендерінің бассейндерінде келесі вегетациялық кезеңді дұрыс жоспарлау бойынша жұмысты алдын ала жасау өте маңызды", – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі бірлескен Комиссияның келесі отырысы 14 желтоқсанда Алматы қаласында өтеді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Нұржан Нұржігітов өзбекстандық әріптестерімен кездесуде 1 сәуірге дейін Түркістан және Қызылорда облыстарына 11,1 текше шақырым су, оның ішінде Арал теңізіне 1,6 млрд текше метр су жіберу туралы келісімге келген еді.

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды