Газа секторынан 92 Қазақстан азаматы шықты

Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
15 қарашада ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстандықтарды Газа секторынан эвакуациялау туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, бүгін, 15 қарашада эвакуацияның бірінші кезеңі жүзеге асып, нәтижесінде "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Мысыр аумағына 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері өтті.

"Қазақстан дипломаттары отандастарымызға барлық қажет консулдық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетті. Шекарадағы рәсімдерден кейін біздің азаматтарымыз колонна құрамында жолға шықты және жақын арада Каир қаласына жетеді", - делінген Сыртқы істер министрлігі хабарламасында.

ҚР азаматтарын Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар министрлік азаматтарымыз Газа секторынан Каирге аман-есен жеткізілгеннен кейін ҚР үкіметі оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жолдайтынын мәлімдеді.

"Осы орайда Қазақстан дипломаттары Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қалған отандастарымызды анклавтан эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастырады. Біздің барлық азаматымыз Газа секторынан Каирге аман-есен жеткізілгеннен кейін ҚР үкіметі оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жолдайды".ҚР Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан
Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек