Израиль ХАМАС-пен атысты тоқтату және тұтқындарды алмасу туралы келісімді мақұлдады

Сурет: Zakon.kz
Алты сағатқа созылған жиыннан соң Израиль министрлер кабинеті бір күн бұрын ХАМАС ұсынған тұтқын алмасу және уақытша атысты тоқтату туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 қараша, сәрсенбі күні таңертең Израиль үкіметі ұсынылған келісімге қатысты өз үкімін жариялады, деп жазды Haaretz.

"50 әйел мен балалар төрт күн ішінде босатылады, босату барысында шайқаста үзіліс болады. Босатылған әр қосымша 10 тұтқын үшін үзіліс тағы бір күнге ұзартылады, алайда палестиналық тұтқындарды босату жайы айтылған жоқ". Израиль премьер-министрінің баспасөз қызметі

Қатар мен АҚШ қолдап отырған ХАМАСпен келісімге үкіметтің 38 мүшесінің үшеуі ғана қарсы шықты. Нәтижесінде министрлер кабинеті кеше кешкілік сөйлеген Израиль премьер-министрі Нетаньяхуды қолдады.

Келісімге сәйкес, бес күнге дейін созылатын атысты тоқтату режимінде тараптар тұтқын алмасады. ХАМАС содырлары ұсталған 150 палестиналыққа айырбас ретінде ұсталған әйелдер мен балаларды Израильге береді.

Бұған дейін ХАМАС жетекшілерінің бірі Исмаил Хания қозғалыстың Израильмен атысты тоқтату және бейбіт келісімге келу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі