Финляндия Ресеймен шекарадағы барлық дерлік өткізу бекетін жабады

Сурет: pixabay
Финляндия баспана іздеушілер ағынын тоқтату үшін Ресеймен шекарасындағы бір өткізу пунктінен басқасының барлығын жабатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian басылымының жазуынша, Хельсинки Мәскеуді скандинавиялық елдің АҚШ-пен ынтымақтастық құрғаны үшін кек алу мақсатында босқындар мен мигранттар жіберіп отыр деп айыптайды.

Финляндия премьер-министрі Петтери Орпоның айтуынша, жұма күні түн ортасынан бастап сегіз шекара бекетінің ішінде тек солтүстіктегі Рая-Йоосеппи ғана ашық болады.
Финляндия шекара қызметінің мәліметінше, қараша айында Ресей шекарасы арқылы Финляндияға 600-ден астам адам бас сауғалап келген. Бұл әдеттегі статистикадан айтарлықтай жоғары.
Сәрсенбі күні Эстония да Ресейге дәл осындай айып тақты, олар Мәскеудің Балтық жағалауындағы елдердің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру және халықты алаңдату мақсатында ел шекарасына адамдар әкелуге бағытталған "гибридті шабуылға" қатысып жатыр деп мәлімдеді.

Бейсенбіден бері негізінен Сомали мен Сириядан келген 75 адам Нарва бақылау бекеті арқылы Ресейден Эстонияға өтпек болған. Олардың ешқайсысы баспана сұраған жоқ, барлығы қайтарылды.

Елдің Ішкі істер министрі Лаури Ляэнеметс "Ресей тарапынан көші-қон қысымы күшейсе" Эстония да Финляндияның жолымен шекаралық өткелдерді жабуға дайындалып жатқанын айтты.
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды