Израиль түрмелерінен 30 палестиналық босатылды

Сурет: freepik
Израильдің Дэймон, Мегиддо, Офер, Нафха, Кциот және Рамон түрмелерінен барлығы 30 палестиналық босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәмле шарты бойынша Израиль кепілден босатылған әр израильдік үшін үш палестиналықты босатуы керек.

Ал Палестина жағы Газа секторында кепілге алынған алты адамды босатқан.

Бітімді жетінші күнге ұзарту туралы қызу әрі ұзақ пікірталастардан кейін Израиль үкіметі ақыры ХАМАС-тың сегіз израильдікті кепілден босату жөніндегі ұсынысын қабыл алды.

Катар Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Маджед әл-Ансари бітімді ұзарту шарттарын растап, Израиль Газа секторындағы кепілге алынған 10 адамды босатудың орнына Израиль түрмелеріндегі 30 палестиналықты босатады деп мәлімдеді.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды