Әлемдегі ең бай бес отбасы

Сурет: freepik
Bloomberg агенттігі әлемдегі ең бай отбасылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bloomberg мәліметтері бойынша, ең бай отбасылардың рейтингінде Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Әбу-Даби шейхтері мен әмірлерінің билеуші әулеті көш бастап тұр, олардың байлығы 305 миллиард доллар деп бағаланды.

Екінші орында - Walmart дүкендер желісінің негізін қалаушы Сэм Уолтонның отбасы (259,7 миллиард), үшінші орында Hermes сәнді брендінің қожайыны - Эрмесовтар отбасы (150,9 миллиард доллар).

Сонымен қатар әлемдегі ең бай бес отбасына қатарына 141,9 миллиард доллар байлығымен Mars компанияларына иелік етуші отбасы және 133 миллиард доллар байлығы бар Қатардағы шейхтер мен әмірлердің билеуші әулеті Әл-Тани да жатады.

Агенттік 2023 жылы әлемдегі ең бай 25 отбасы өз активіне 1,5 триллион доллар қосып, байлығын еселегенін, бұл өткен жылғы ең бай отбасылардың байлығынан 43% жоғары екенін баса атап көрсетеді.

Айта кетсек, Walmart желілерінің қожайыны мен Қатар шейхтері мен әмірлерінің билеуші әулеті алғаш рет бұл рейтингке ілініп отыр. 

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді