Аргентина БРИКС-ке қосылудан ресми түрде бас тартты

Сурет: wikimedia
Аргентина Президенті Хавьер Милей БРИКС елдерінің барлық басшыларына хат жолдап, аталған мемлекетаралық бірлестікке қосылудан бас тарту туралы шешімін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай хатты Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Президенттері алды. Бұл туралы Аргентина Президентінің әкімшілігі хабарлады, деп жазады DW.

Хат мәтінінде Аргентинаның мүшелікке өтуі "қазіргі уақытта ақылға қонымсыздау болады" делінген.

"Қазір жүргізіліп жатқан елдің сыртқы саясаты Альберто Фернандестің кезіндегі "үкімет саясатынан көптеген аспектілері бойынша ерекшеленеді" және "алдыңғы әкімшілік қабылдаған кейбір шешімдер қайта қаралады" деп Аргентинаның TN басылымы Милейдің сөзін келтіреді.

Сайлау науқаны кезінде Милей де, Аргентина СІМ басшысы Диана Мондино да сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Аргентина БРИКС-ке мүшелікке өтуден бас тартатынын бірнеше рет мәлімдеген. 

Айта кетсек, БРИКС өз құрамына қосылуға Аргентинадан бөлек тағы бес елді шақырған болатын. БРИКС мүшелері өз құрамын 5-тен 11 елге дейін ұлғайтуға ниетті.

Қазіргі уақытта БРИКС құрамына Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка кіреді. Олар Жер шарындағы халықтың 40 пайыздан астамын және әлемдік экономиканың шамамен 26 пайызын құрайды. Аргентинадан басқа БРИКС-ке қосылуға Мысыр, Эфиопия, Иран, Сауд Арабиясы және БАӘ шақырылған.


Ресей
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды