Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматының Қытайда ұсталуына қатысты пікір білдірді

Сурет: Zakon.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте Қазақстан азаматының Қытайда ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, бұл адам бұрын Қытай азаматтығын алған.

"Бірнеше жыл бұрын Қытай азаматы болған кезде ол жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Бірақ қарсы тараппен мәселені шешпей, Қазақстанға келген. Ал осы жолы ол Қытайға барғанда жергілікті полиция мәселені шешіп, содан кейін ғана сапарды жалғастыруын талап еткен".Айбек Смадияров

Қазір оның айтуынша, ешқандай проблема жоқ.

"Ол екінші тараппен мәселесін шешкен соң, төлқұжатын алып, Қытайдан кетіп қалды. Ешқандай қамау немесе ұрып-cоғу болған жоқ. Қазір ол Қазақстанға келді".Айбек Смадияров

10 қарашада Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим жұмыс істей бастады. Келісімге сай Қазақстан азаматтары көрші елде визасыз 30 күнге дейін жүре алады.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды