Сауд Арабиясында 72 жылдан кейін алғаш рет алкоголь сатуға рұқсат берілмек

Сурет: pexels
Шариғатты қатаң ұстанатын Сауд Арабиясы кейінгі жетпіс жылда алғаш рет алкогольді сатуға рұқсат бермек. Әзірге тек бір дүкенде және шетелдіктер үшін, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian 25 қаңтарда Сауд Арабиясында алғаш рет алкоголь сататын дүкен ашылатынын жазды. Ол Эр-Риядтың дипломатиялық кварталында орналасады және тек мұсылман емес шетелдіктерге арналған. Елдің 32 миллион тұрғынының басым көбі үшін ішімдік қолжетімді емес болып қала бермек.

Дүкенге тек арнайы қосымшада тіркелгендер ғана кіре алады және сатып алуда шектеу қойылады. Дүкенге кіргенде тұтынушылардан ұялы телефонын арнайы сөмкеге салу талап етіледі.

Осындай қатаң шектеулерге қарамастан, корольдіктің кейбір тұрғыны биліктің бұл шешімін үкімет саясатындағы бетбұрыс деп санайды. Исламның негізгі қасиетті орындары орналасқан елде өте қатаң мұсылман заңдары қолданылады. Сауд Арабиясында 1952 жылдан бері алкогольге толық тыйым салынған. Дегенмен, мейрамханаларда "алкогольсіз шараптар" және алкогольсіз коктейльдер бар және олар өте танымал.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды