Майкл Джексонның кенже ұлы әжесін сотқа берді

Сурет: Instagram/blanketjackson7
Майкл Джексонның 22 жастағы ұлы әжесін сотқа берді. Ол әкесінен қалған мұра қаражатты әжесінің сот дауына жұмсауына тыйым салуды талап етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әншінің кенже ұлы Бланкет Джексонның 93 жастағы әжесі Кэтриннің сот дауына мұрадан қалған ақшаны жұмсауына тыйым салғысы келетіні белгілі болды. Атақты әншінің заңгерлері Джон Бранка мен Джон Макклейн поп-жұлдыздың материалдарын сатып жіберген. Бірақ әншінің анасы Кэтрин бұған қарсы болып, көзі тірі болса ұлының музыкалық каталогын сатпасын айтты. Осылайша, ақпан айында Sony Майкл Джексонның әндерінің тең жартысының құқығын 600 миллион долларға сатып алды.

Сот аталған сатылымға қатысты дау-дамайда заңгерлердікі дұрыс екенін айтты, бірақ әншінің анасы соттың бұл үкіміне шағым түсіргісі келеді. Бір қызығы, Бланкет бастапқыда әжесін қолдап, аталған мәмілеге қатысты бірнеше рет теріс пікірін білдірген. Алайда, әжесі сот үкіміне шағымданатын кезде, жас жігіт райынан қайтқан.

Бланкеттің өкілдерінің айтуынша, ол сот ісінің сәтті болатынына сенбейді және мұрадан түскен ақшаның одан әрі мәні жоқ дау-дамайға жұмсалуын қаламайды. Поп-жұлдыздың ұлы бұл мәселе бойынша өз ұстанымын құпия ұстағысы келіп, сотты істің кейбір аспектілерін жария етпеуге шақырған.

Джексонның үлкен балалары, олардың ішінде 27 жастағы Принс бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруге үзілді-кесілді қарсы. Ал Кэтрин Джексонның заңгерлерінен 561 548 доллар төлеуді талап етіп отыр. Мұның бәрі сот дауы кезінде туындаған сот шығындары көрінеді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін