"Крокус сити холдағы" лаңкестік ісі бойынша айыпталушылар 22 мамырға дейін қамауға алынды

Сурет: Мәскеудің Басман соты
Мәскеудегі Басман соты "Крокус сити холда" болған лаңкестік ісі бойынша айыпталушыларды тұтқындауға рұқсат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төрт күдіктінің барлығы бір ай және 28 тәулік мерзімге, яғни 2024 жылдың 22 мамырына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Сотталушылар: Далерджон Мирзоев, Саидакрами Рачабализод, Шамсидин Фаридуни және Мұхаммедсобир Файзов.

Оларға РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабының 3-бөлігінің "б" тармағы, яғни "Террористік акт" бойынша ресми айып тағылды. Бұл баптың ең жоғары санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді.

22 наурызда "Крокус сити холдың" концерт залына камуфляж киген бірнеше адам баса-көктеп кіріп, автоматтан оқ жаудырды. Атыс-шабыс "Пикник" рок-тобының концертінің бастаулына бірнеше минут қалғанда болған.

Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, Мәскеудегі "Крокус сити холдағы" лаңкестік шабуыл кезінде қаза тапқандар саны 137-ге жетті, олардың үшеуі - бала.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды