Қырғызстанда TikTok бұғатталады

Сурет: pixabay
Қырғызстанда танымал TikTok желісі бұғатталады. Қырғызстанның цифрлық даму министрлігі жанындағы байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметі елдің барлық интернет-провайдерлеріне тиісті өкім жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің Vesti.kg-ге берген ақпаратына сай, бұл шаралар Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хаты негізінде қабылданды.

"Шешім шығаруға TikTok тарапынан "балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы" Қырғыз Республикасының Заңын сақтамау негіз болды. Заңда Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпарат түрлері анықталған", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, бұл Қырғызстан билігінің әлеуметтік желіге кіруді шектеуге бағытталған алғашқы әрекеті емес.

16 сәуірде мәлімдегеніміздей, Ресейде де аталмыш әлеуметтік желі бұғатталуы мүмкін.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады