Өзбекстанда адамдарға шабуыл жасаған аю атылды

Сурет: pxhere
Аю тұрғындар арасына кіріп кетті. Оқиға 2024 жылы 15 мамырда Өзбекстанның "Жаннатмакон" махалласында болды. Аймақта жыртқыш аң біраз дүрбелең салды. Айналасындағы адамдарға қауіп төндіргендіктен, әбігерге түскен полиция қызметкерлері, оны атуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзбекстанның экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі жануардың тұрғын үйлердің аумағына еніп, адамдардың өміріне қауіп төндіретінін айтты.

"Аюға қару қолданбастан, ұстамақ болды. Алайда жыртқыш полицейлердің біріне шабуыл жасап, оны жарақаттады. Мұнымен қоса, сол кезде оқушылар орналасқан №74 мектептің аумағына кіріп кетті".Өзбекстан экология Министрлігінің баспасөз қызметі

Аюдың ашулы болғаны да атап өтілді.

"Жыртқыш атылды", - деп қосты ведомство.

Жарақат алған қызметкер медициналық тексеруден өтеді.

29 сәуірде қысқы ұйқысынан оянып, серуендеп жүрген аю Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл қорығында камераға түсіп қалды.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Агроөнеркәсіптен бастап ЖИ-ге дейін: Қазақстан мен Қытай 15 миллиард долларлық қандай келісімдерге келді

Жібек Құламбаева Яссыдағы WTA 250 турнирінің финалына шықты

Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру: жаңа ережелер

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды