Сауд Арабиясының королі ауруханаға түсті

Сурет: picryl
Сауд Арабиясының 88 жастағы королі Салман ибн Абдул-Әзиз әл Сауд жексенбіде,19 мамырда ыстығы көтеріліп, буындарының ауруына байланысты медициналық тексеруден өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауд Арабиясының мемлекеттік баспаcөз агенттігінің хабарлауынша, король Салман Қызыл теңіз жағалауындағы Жидда қаласындағы әл-Салам сарайының корольдік клиникасында тексеруден өтеді.

"Емдеуші медициналық топ оның денсаулығына диагностика жасау үшін тексеру жүргізу туралы шешім қабылдады", делінген хабарламада.

Мемлекеттік БАҚ басқа мәліметтерді жарияламады.

Сәуір айында монарх физикалық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілген болатын.

Король Салман 2015 жылы таққа отырды. Ол өзінің ұлы, мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманды патшалықтың болашақ монархы мәртебесіне көтерді. 

Көктемнің басында Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Энергетика министрімен кездесті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды