Тәжікстанда хиджап киюге тыйым салынды

Сурет: pixabay
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон 35 заңға қол қойды, оның ішінде ел мәдениетіне жат киім киюге салынатын тыйым да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл тыйым "Мерекелер мен рәсімдерді реттеу туралы" заңда қамтылған.

Бөтен мәдениеттің киіміне хиджаб пен сатр жатқызылған. Бұл туралы ақпарат Мемлекет басшысының ресми сайтында 20 маусымда жарияланған.

Онда бетті бүркемелейтін киімдер қоғам үшін мәселе болып табылатындығы, өйткені олар өз мәдениеті мен ұлт болмысынан алшақтауды білдіретіндігі көрсетілген. Заң күшіне енген сәттен бастап тыйым салынған киімдерді Тәжікстанда киюге, сонымен қатар сатуға да болмайды.

Ал Ресейде 2025 жылдан бастап дәрігерлерге аборт жасамас бұрын жүкті әйелге эмбрионның жүрек соғысын тыңдатуғат мәжбүрлейтін заң күшіне енеді. 

Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды