Қырғызстанда депутаттардың бірі билікті басып алуға әрекеттену күдігімен ұсталды

Сурет: Қырғыз Республикасы МҰҚК
Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) қызметкерлері Жалал-Абад облысының Кербен қалалық кеңесінің депутатын билікті басып алуға әрекет жасады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалалық кеңестегі "Ата-жұрт Қырғызстан" фракциясының депутаты ұсталған.

Ол адамдарды жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға және билікті күшпен басып алуға шақырды деп күдікке ілінген.

"ҚР МҰҚК Қылмыстық кодекстің 278-бабы, 1-бөлігі ("жаппай тәртіпсіздіктер") бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жалал-Абад облысы, Ақсу ауданы, Кербен қалалық кеңесіндегі "Ата-жұрт Қырғызстан" фракциясының депутаты ұсталды. Ол Facebook әлеуметтік желісінің белсенді пайдаланушысы бола отырып, әр кез  арандатушылық материалдар, оның ішінде көпті жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға шақырып, одан кейін билікті күшпен құлату/басып алуды уағыздаған", делінген хабарламада.

Бұған дейін Қырғыз елінде мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінің жолы кесілгені хабарланған болатын. Кейіннен төңкеріс жасамақ болған күдіктілердің бірінен депутаттың әскери билеті табылғаны белгілі болды.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды