Камчаткада екі рет жер сілкінісі болды

Сурет: wikimedia
2024 жылдың 30 тамызына қараған түні Камчатканың оңтүстік-шығысында Тынық мұхит жағалауында бірден екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Камчатка-информ" мәліметтері бойынша, елдімекендерде тіркелген жер асты дүмпулерінің күші туралы ақпарат берілмеген, сондай-ақ ешкім зардап шекпеген. 

"Сағат 2:45-те тіркелген бірінші сейсмикалық оқиғаның жер асты ошағы Петропавл-Камчаткадан оңтүстік-шығысқа қарай 131 шақырымда Тынық мұхитында болып табылады. Магнитудасы 3,7-ні құрады. Жер сілкінісі ошағы теңіз түбінің астында 30 шақырым тереңдікте орналасқан. Сағат 2:54-те шамамен тағы осы аймақта 3,6 балдық жер сілкінісі болды, делінген хабарламада.

Цунами қаупі жарияланған жоқ.

2024 жылы 27 тамызда Сочиден 33 шақырым жерде 3,5 балдық жер сілкінісі тіркелгені хабарланған.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды