"5,2 млн адамды эвакуациялап жатыр". Алапат тайфун Жапонияны әбігерге салды

Сурет: Kyodo News/Reuters
Жапонияда "Шаньшань" тайфуны салдарынан 4 адам қаза тапты, тағы біреуі хабар-ошарсыз кеткендер қатарында, шамамен 90 адам зардап шекті. Сондай-ақ 200 мыңнан астам үй жарықсыз қалды, жүздеген әуе рейстері тоқтатылды, ірі зауыттар жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дауылдың салдарынан кем дегенде бес адам қаза тауып, 90-ға жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды NHK арнасы.

Билік бүкіл ел бойынша 5,2 миллионнан астам адамды эвакуациялап жатыр. "Шаньшань" қазірдің өзінде аймақта тіркелген ең қуатты тайфундардың бірі ретінде аталады.

"Ұлттық метеорологиялық агенттіктің мәліметі бойынша, апат аймағында соққан дауылдың жылдамдығы сағатына 180 шақырымға жетті. Синоптиктер алдағы бірнеше күнде "Шаншань" Кюсюде белсенділік танытады деп болжайды, ал демалыс күндері орталық және шығыс аймақтарға, соның ішінде ел астанасы - Токиоға да жақындайды", делінген хабарламада.

Кюсюдің көптеген аудандарында пойыздар, автобус және паром қызметтері тоқтатылды.

"Шаньшань" - осы айда Жапонияны орап өткен екінші тайфун. Тамыз айының басында Ампил тайфуны бірқатар префектураларды жарықсыз қалдырды, ол кезде де ондаған мың адам эвакуацияланды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады