Өзбекстанда АЭС салу жұмыстарын бастау туралы хаттамаға қол қойылды

Сурет: pexels
Өзбекстанда "Өзатом" агенттігі жанындағы "Атом станциясын салу жөніндегі дирекция" МК және "Атомстройэкспорт" АҚ ("Росатом" МК-нің инжинирингтік компаниясы) Жизақ облысында шағын атом станциясын салу жөніндегі жұмыстарды бастау туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хаттамаға қол қою арқылы құрылыс алаңында дайындық жұмыстарын және жобалық құжаттаманы әзірлеуді қамтитын белсенді кезең іске қосылады, деп жазады kun.uz.

Қол қою рәсіміне Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің ("Өзатом") директоры Әзім Ахмедхаджаев пен "Росатомның" бас директорының орынбасары Николай Спасский қатысты.

2024 жылдың мамырында қол қойылған келісімшартта жаңа буындағы РИТМ-200Н ресейлік реакторларын қолдана отырып, қуаты 330 МВт-ты құрайтын станция салу көзделген.

Бұған дейін Өзбекстандағы алғашқы шағын атом электр станциясының реакторы 5 жылдан кейін пайдалануға берілуі мүмкін екендігі хабарланған болатын.

Ресей
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды