Wildberries кеңсесіндегі қантөгіс: Татьяна Бакалчук күйеуіне видео үндеу жолдады

Сурет: видеодан алынды
18 қыркүйекте Wildberries ресейлік маркетплейсінің негізін қалаушы және бас директоры Татьяна Бакалчук өз компаниясының Мәскеудегі кеңсесінде болған қантөгіске байланысты күйеуіне видео үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеоны ол Telegram-дағы арнасында жариялады.

"Қарулы адамдар біздің кеңсемізге баса-көктеп кіріп, оқ атып, айналаны талқандады. Жас жігіттер опат болды. Владислав, не істеп жатқаныңды білесің бе өзі? Ата-анаңның, балаларымыздың көзіне қалай қарайсың ертең? Бұл не еткенің? Жағдайды осындай абсурдқа қалай жеткіздің?", - деді Бакалчук көзіне жас ала.


Айта кетсек, ресейлік БАҚ Владислав Бакалчуктың ұсталғаны туралы жазуда. Оған қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Wildberries ресейлік маркетплейсінің негізін қалаушы және бас директоры Татьяна Бакалчук бүгін, 2024 жылы 18 қыркүйекте Мәскеудегі кеңселерін әлдекімдердің басып алмақ болғанын айтты. Оның айтуынша, бірнеше адам жарақат алған. Кейінірек екі адамның қаза тауып, жеті адамның зардап шеккені белгілі болды.

2024 жылы 23 шілдеде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Wildberries-тің негізін қалаушы Татьяна Бакалчуктың күйеуі Владиславпен кездескеннен кейін компанияда "ашық және дөрекі рейдерлік басып алу әрекеті" жүріп жатқанын айтты. Бірақ танымал маркетплейстің негізін қалаушы бұл мәлімдемені жоққа шығарып, оны басып алу емес, ажырасу екенін атап өтті.

Татьяна Бакалчук өзінің кепілге алынбағанын, ал Wildberries-ті ең ірі сыртқы жарнама операторы RUSS Outdoor компаниясымен біріктіру туралы шешім компанияның өсу мен даму қарқынын сақтау үшін қажет екенін айтты.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз