Американдық әйел баласын 150 долларға сатпақ болған

Фото: pexels
Техас тұрғынына жаңа туған нәрестесін 150 долларға сатпақ болды деген айып тағылды. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Сот материалдарына сәйкес, Хьюстон қаласының 21 жастағы тұрғыны Джунипер Брайсон босанғанға дейін бірнеше әлеуетті сатып алушылармен араласқан. Соңында Луизианадағы тұрғынмен 150 долларға келіскен. Сондай-ақ, баланың қанынан анасы қолданған есірткі заттары табылған. Бұл туралы Houston Chronicle жазды.

Әйелге оның әрекеттерінің заңсыздығы туралы бұрын ескертілген.

"Баланы сатудың суррогат ана болудан айырмасы жоқ", — деп жас ана өзін-өзі ақтаған.

Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың бірі полицияға жағдай туралы хабарлағаннан кейін, әйелге айып тағылды. Енді ол екі жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 10 мың долларға дейін айыппұл төлейді.

Бұған дейін Америкада үнемі фаст-фудпен тамақтанған мектеп оқушысының соқыр болып қалғандығы туралы хабарланған болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды