Жаңа Зеландия тауларында үш альпинист із-түссіз жоғалып кетті

Фото: unsplash
Жаңа Зеландияның ең биік шыңы Аораки тауына сапар шеккен үш альпинист жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky News ақпаратынша, жоғалған адамдардың екеуі - американдық, үшінші альпинист - Канада азаматы. Олар таудың жарты шегінде келісілген көлікке дейін жете алмаған, хабар-ошарсыз кеткен. 

Құтқарушылар туристердің альпинизмге керек заттарын тапқан, алайда ешқайсысының іздері табылмаған. 

Американдық тау гидтері қауымдастығының сайтына сәйкес, колорадодалық 56 жастағы Курт Блэр және калифорниялық 50 жастағы Карлос Ромеро сертификатталған альпілік гидтер. Дегенмен, Жаңа Зеландия полициясы канадалық альпинисттің атын атаған жоқ. Таудағы ауа-райының нашарлауы оларды іздеу жұмыстарына кедергі келтіруде. 

Бұған дейін қазақстандықтар мен туристерге Алматы облысының таулы аймақтарында қауіп төнетіні ескертілген болатын. 

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз